Нұр-Сұлтандағы «Мәңгілік ел» қақпасына күрделі жөндеу жүргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы «Мәңгілік ел» қақпасына күрделі жөндеу жүргізілмейді

29.03.2019

Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте әкім орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді. Тек, жер асты арқылы өтетін жол суға толып кетеді. Осы ретте елорда әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, жағдайдың мән-жайы мен жөндеуге қажет қаржы есептеліп шығарылмақ.

Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, салтанат қақпасының маңыздылығы арттырылады.  Имидждік өнімдердің саудасын қыздыру үшін бұл аумаққа жеке инвесторларды тарту көзделіп отыр. Сондықтан барлық БАҚ беттеріне тарағандай 600 млн теңге «Мәңгілік ел» қақпасының  жөндеу жұмыстарына бағытталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Бас қаланың әкімдігі қалалық сессияда «Мәңгілік ел» салтанат қақпасын күрделі жөндеуден өткізу проблемасын талқылап, оған қыруар қаржы керектігі айтылған еді. 

Нұрлан Нұркенов, қала әкімінің орынбасары:

- Салтанат қақпасын қолданысқа бергелі проблема туындаған емес. Күрделі жөндеуді еш қажет етпейді. Мәселе – жер асты жолдың суға толып кететінінде.  Біздің есебімізше, 600 млн теңгенің бір бөлігі осы түйткілді шешуге бағытталады. Қалған қаржы осы бизнеске жеке инвесторларды тарту үшін жұмсалмақ. Біз бұл ақшаны жергілікті бюджеттен алайық деп депутаттардан сұраған жоқпыз. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу