Президент жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтер беруді мамыр айынан бастауды жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтер беруді мамыр айынан бастауды жүктеді

27.03.2019
Президент жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтер беруді мамыр айынан бастауды жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

«Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді.

Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.

 

Хабарламаларға жазылу