Табысы төмен азаматтар үшін «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысы төмен азаматтар үшін «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы әзірленді

18.11.2019

Үкімет табысы төмен азаматтар үшін «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасын әзірледі. Оның жобасын бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов таныстырды. Жаңа бағдарлама жергілікті әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады және ол несиелік баспана болады. Тәртібі туралы айтсақ: Үстемесі 5 пайыз, алғашқы жарна 20 пайызға дейін және 25 жылға беріледі. Бекітілген ереже бойынша мұндай мүмкіндік айлық табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің 3-1 құрайтын азаматтарға, яғни 90 мың теңге көлемінде табысы бар отбасыларға беріледі. Әскерилер, бюджеттік сала мамандары және мемлекеттік қызметшілер осы санатқа еніп отыр. Табысы 30 мың теңгеге жетпейтін азаматтар үшін жалдамалы пәтер беріледі. Бұл санатқа негізінен жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар мен зейнеткерлер енген. Бұдан бөлек айлық табысы 59 мыңды құрайтын азаматтарға «Бақытты отбасы» бағдарламасы ұсынылған. Оған кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес жанұялар және мүгедек баласы бар отбасылар қатысады.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу