Көкшетаудағы орталық көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

26.03.2019

Көкшетаудағы орталық көшелердің біріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Қалалық мәслихат депутаттары тиісті құжаттарды ономастикалық комиссияға жолдаған. Бүгін шешім қабылданды. Енді Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталады. Бұл шаһардағы ең ірі, ең ұзын көшелердің бірі. Оның бойында 300-ге жуық ғимарат бар. Достық үйі, облыстық сот, Полиция және Әділет департаменті, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, орталық мешіт, теннис корты және жаңа тұрғын үйлер орналасқан. Мұндай шешімді қала тұрғындары да құптап отыр.      

Шияп Әлиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Көшенің атын беруді құптаймын. Дұрыс жасалған нәрсе. Нұрекең тарихта қалады. Ол кісі Кеңес үкіметі құлағанда елді ыдыратпай, у-шу шығармай, егемендігімізді алып қалды. Еңбегі зор. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу