Астанадағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді

02.12.2022

Астанадағы Е-583 көшесіне бірнеше адамды өрттен құтқарып ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімі берілді. Шешім 2022 жылғы 1 желтоқсандағы қалалық ономастикалық комиссияның отырысында қабылданды. Сондай-ақ батырдың есімін өзі қызмет еткен №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне беру, мекеме алдына бюст орнату ұсынылды.

Асқар Забикулиннің естелік суретін Астана қаласының Пушкин көшесінде орналасқан «Құтқарушылар саябағындағы» ақпараттық тақтаға орналастыру туралы шешім қабылданды. 

 

Хабарламаларға жазылу