Асқар Мамин: Астананың Нұр-Сұлтан деп  аталуы - айтулы тарихи оқиға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин: Астананың Нұр-Сұлтан деп  аталуы - айтулы тарихи оқиға

24.03.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин де «Астананың Тұңғыш Президент - Елбасының құрметіне Нұр-сұлтан деп  аталуы айтулы тарихи оқиға», деп мәлімдеді. «Қазір біздің көз алдымызда Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жылнамасының жаңа беттері жазылып жатыр. Сондықтан, мемлекетіміздің және оның жаңа елордасының негізін қалаушы Елбасымыздың ұлы тұлғасын осылай тарихи түрде дәріптеу - бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы парызымыз», - деді ол. Өзгеріске қатысты «Nur Otan» партиясы өкілдерінің де айтары бар.

Бас қаланың Нұр-Сұлтан деп өзгеруін қазақстандықтар қолдап отыр. Елдің түкпір-түкпірінен Елбасының елге сіңірген еңбегі бұл құрметке әбден лайық деген пікірлер айтылып жатыр. 130 жылда уақыттың шеңберіне сыймайтын істерді атқарған Тұңғыш Президенттің  есімін беру – заңды құбылыс», дейді тұрғындар.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу