Екібастұзда көпбалалы отбасылар қоныс тойын жасап жатыр

22.03.2019

Екібастұзда көпбалалы отбасылар Наурыз мерекесімен қатар қоныс тойын жасап жатыр. Кеншілер мен энергетиктер шаһарында 120-дан аса көпбалалы отбасы болса, соның 20-сы баспанаға аса мұқтаж.

Жергілікті әкімшілік шаһар ішіндегі қараусыз қалған пәтерлерді сот арқылы мемлекет меншігіне өткізіп, күрделі жөндеу жасады. Бұл мақсатқа бюджеттен 9 млн. теңге қаржы бөлінді. Дайын болған алғашқы 4 пәтердің бірі Әсел Анафинаға бұйырды. Үбірлі-шүбірлі 5 баласы бар ана көп жылдан бері пәтер жалдап келген. 

Әсел Анафина, көпбалалы ана:

Кезекте 11 жыл тұрдым. Қазір осы үйді алып отырмын. Елбасына рахмет айтамын!

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу