Алматыда 250 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 250 отбасы баспаналы болды

12.03.2016
Алматыда 250 отбасы баспаналы болды
Көп балалы отбасылар, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және әскери қызметкерлер, тағы да басқа жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған азаматтар қоныс тойын жасап, шаттыққа кенелді.

Жалпы, қазір аталған ауданда 28 үй салынып жатыр. Солардың 15-і дайын, ал, бүгін 4-і ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Қалған 13 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу