Қызылорда қаласындағы Жібек жолы даңғылы енді Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласындағы Жібек жолы даңғылы енді Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталады

20.03.2019

Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген саяси өзгерістерді Сыр жұртшылығы жақсылыққа жорып жатыр. Саяси өзгерістерді  еліміздің барлық аймақтарында да қызу талқыланып жатыр. Бұл - тарихи күн. Қазақстанның жаңа кезеңге қадам басуы, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беру рәсімінің өтуі халықты бейжай қалдырған жоқ. Ал, бұл тарихи оқиғалардың Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызбен тұспа-тұс келгенін жұртшылық жақсылыққа балайды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу