Елбасы «Жібек жолы» жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Жібек жолы» жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды

21.05.2014
Елбасы «Жібек жолы» жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды
Бүгін Шанхайда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жібек жолы» жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру туралы идеясы өте маңызды. Қазақстан Азия құрлығының қақ ортасында орналасқандықтан «Жібек жолы» жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізгіміз келеді. Азия мен Еуропа елдерін байланыстыра отырып, бұл бағыт әлемдегі ең ірі көлік жүйесі атанады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Мемлекет басшысы, «аграрлық секторға өзге де салалардағыдай қолжетімді көлік жүйесін құрудың маңызы зор және бұл Ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызады», - деп атап өтті.

Хабарламаларға жазылу