Қазақстанда бала құқығын қорғайтын кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бала құқығын қорғайтын кеңес құрылды

07.02.2019

«Нұр Отан» партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылды. Мақсат - көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, аналарға қажетті жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау. Кеңес еліміздің барлық өңірінде өз жұмысын бастады.

Кеңестің құрылуына Түркістан қаласындағы балалар арасындағы төбелес түрткі болған. Қоғамдағы балалар және аналар мәселесіне қатысты қалыптасқан ахуалды ескере келе партия бүгін кеңестің алғашқы отырысын өткізді.

Кеңеске мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар, бала мен ана тақырыбын терең білетін мамандар мүшелікке енді. Көбінің бала бағып, үйде отырған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшеріне көңілі толмайды.

Көпбалалы ана құқығы, олардың әлеуметтік әрі экономикалық жағынан қамту басты назарда. Жиында көтерілген ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізілді. Ендігіде осы құжат Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев басқаратын жұмыс тобының қарауына жөнелтілмек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу