Агросалаға 600 миллион еуро инвестиция құйылды
«Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту» деп аталатын «ҚазАгро» холдингінің екі күндік жиыны бүгін аяқталып, қорытынды баспасөз жиыны өтті.
«Сөз алғандар Қазақстан жаһан жұртының азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыра алады», дейді.
Жер кең. Мыңғыртып мал ұстап, тонналап ет дайындауға болады. Топырақ құнарлы.
Бидайдан бастап, алма, картоп, қысқасы дастарханнан табылуға тиісті өнімдерді түгелдей өсіруге болады.
Тек бізге тың тәсілдерді игеру қажет. Сол үшін де шетелдік кәсіпкерлерді елге алдыртып, агросалаға инвестиция құюға шақырып жатырмыз.
Нәтиже де жаман емес. Былтыр 1 миллиард доллар инвестиция тартылса, биылғы жартыжылдықтың өзінде шетел инвесторлары агросаламызға 600 миллион еуро құйыпты.
Қайрат Айтуғанов, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары:
Шетелдік қаржыгерлердің Қазақстанға көптеп келуінің бірнеше факторы бар. Ең әуелі біздің ел - саяси тұрақты. Тыныш өмір сүріп жатқан жерде ғана экономика дамиды. Салған ақшаң пайдаға жұмыс істейді. Инвесторлар осыны біліп отыр. Бұдан бөлек, біздер инвесторларға Заң жағынан да, басқалай да жағдай жасап қойдық. Қазақстан - екі алып нарықтың ортасында. Ферма ашса, өнімін Ресейге де, Қытайға да өткізе алады.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04