Павлодарда Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы парамен ұсталды

25.02.2019

Павлодар облыстық мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Департаментті төрт-ақ ай басқарған Қуат Белгібаев пара алды деген күдікпен сенбі күні ұсталды. Ал, осыдан 5 ай бұрын аталған мекеме басшысы қамауға алынған болатын. Оған да пара алды деген айып тағылып отыр. Лауазымды басшыны қол астындағы басқарма жетекшісі Мұрат Жанғазинмен бірге Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлері ұстаған.

Дерекке қарағанда күдіктілер қаладағы ірі кәсіпорында банкроттық іс-шараларды жүргізуге көмектесіміз деп, кәсіпкерден ақша бопсалаған. 

Маржан Құрманғалиева, облыстық соттың баспасөз хатшысы: 

- Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотымен Павлодар облысы прокуратурасымен қолдау тапқан қылмыстық қудалау органының өтініш хаты бойынша Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Белгібаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысы Жанғазинға қатысты 2 ай мерзімге үйқамаққа алу санкцияланды. 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу