Маңғыстауда мемлекеттік қызметші парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мемлекеттік қызметші парамен ұсталды

26.09.2018

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары парамен ұсталды. Оған 10 млн. теңге көлемінде ақша алды деген айып тағылып отыр. Құзырлы орган осы дерекке қатысты бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Мемлекеттік қызметші салықтық тексеру құжаттары актісі бойынша қайта есептелген салық сомасын төмендету үшін бір азаматтан 10 млн. теңге көлемінде пара алған. Пара берушіге де қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Қазір екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды.   

Нұргүл Жанназарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

- Бұл жағдай әрине, өкінішті. Ұсталғандығы туралы хабар болатын болса, сот органдары қарайды. Мәселені дәлелдеу керек. Біздің өңірде бұл мәселемен қоғам болып күресіп жатырмыз.

 

А.ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу