Қарағанды облысында боран мен көктайғақ салдарынан жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында боран мен көктайғақ салдарынан жолдар жабылды

18.02.2019

Тәртіп сақшылары тәуекелге бел буып, жолға шыққандарды бекет маңынан кері қайтаруда. Олардың арасында Қарағандыдан Алматыға бағыт алған 25 жолаушысымен автобус та бар. Халықаралық рейстер түгел шектелді. Ал, арғы беттен қалаға шыққандар сағаттап жүріп, зорға жеткен. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 21 м/с-қа жетті.

Орынбасар Жүнісов, жүргізуші:

- Қарағандыдан Алматыға бара жатырмыз. Жағдай осы. Бірдеңе деп айта алмайсың, бұлардікі де дұрыс шығар. Сақтық үшін шығар. Амал жоқ, күтеміз енді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу