Экономика қарқынына сыртқы факторлар әсер етуде
Бұл ақпаратты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтты. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте бас экономист тауар өндіру саласындағы кейбір көрсеткіштерге жете алмаудың да бірнеше себебін атады.
Оның ішінде Қашағандағы мұнай өндірісінің тоқтауы мен Жезқазған мыс балқыту зауытының жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып қалуы және сыртқы нарықта металл бағасының төмендеуі кедергі болған.
Дегенмен, өзге салалардағы оң өзгерістердің нәтижесінде бес айда экономикалық өсім 4,1 пайызды құраған.
Теңге бағамын өзгерту саясаты елдің жалпы халықаралық қорының өсуіне әсер етіп, оның көлемі 103,4 миллиард долларды құраған.
Ұлттық қор көлемі де 7,1 пайызға өсіп, 75,8 миллиард долларға жеткен.
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
Жыл соңына дейін 7 ай уақыт бар. Үкімет басшысы барлық саладағы көрсеткіштерді былтырғы деңгейден түсірмеу туралы тапсырма берді. Экономиканы жандандыру үшін қосымша 500 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Оның 100 миллиарды шағын және орта бизнесті қолдауға берілді. 250 миллиард проблемалық несиелерді сатып алуға жұмсалды. Қалған 150 миллиард теңге инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08