Францияға бару үшін Шенген визасын енді Астана қаласынан да рәсімдеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияға бару үшін Шенген визасын енді Астана қаласынан да рәсімдеуге болады

14.02.2019

Бүгін Астанада Францияның жаңа виза беру орталығы ашылды. Тиісті ақпаратты Франция елшісі Филипп Мартинэ жария етті. Бұған дейін виза беру орталығы Алматы қаласында орналасқан еді. Елшіліктегілердің айтуынша, соңғы кезде елордадан Парижге аттанғысы келетін саяхатшылар қатары еселеп артқан. Алдағы уақытта еліміздің басқа да ірі қалаларында виза беру орталықтарын ашу көзделген. Жалпы, өткен жылы Францияға жер жүзінен 3,5 млн-нан астам турист барған.

Филипп Мартинэ, Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Францияның Қазақстанда виза беретін екі орталығы бар. Астана мен Алматыда Шенген визасын ала алады. Әрине, туристер үшін Франция маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу