Теріскейлік диқандар 37 мемлекетке жарты миллион тоннадан астам майлы дақыл экспорттады. Тек былтырдың өзінде 946 мың гектар алқапқа зығыр мен рапс егіліп, миллион тоннаға жуық астық орылды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын әртараптандру туралы нақты тапсырма берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев солтүстікқазақстандық диқандардың еңбегін жоғары бағалаған болатын. .
Сағындық Сәбитұлы, тілші:
- Бидай мен зығырды өсіруге жұмсалатын шығын мен күтім бірдей. Ал, түсімі жер мен көктей. Мысалы, бидайдың тоннасы 60 мың теңге болса, зығырдың нарықтағы құны тоннасына 120 мың теңгеден асады.
Былтыр бұл диқандар 8500 гектар алқаптан 200 мың тоннаға жуық майлы дақыл орып алды. Бұл теріскей өңірі үшін жақсы көрсеткіш. Еңбектің парқына нарқы сай келіп, шаруалардың табан ақы, маңдай тері ақталды.
Ермек Мауытов, агроном:
- Рапстан кейін келесі жылы біз бидай егеміз. Одан кейін лен егеміз. Пайда қандай? Мысалы, биыл біз бір гектардан 23 центнер рапс алдық. Бір гектарынан 150-160 мың теңге таза пайда көрдік.
2016 жылы облыста небәрі 512 мың гектар жерге ғана майлы дақылдар егілетін. Былтыр оның көлемі 2 есеге ұлғайды. 1 млн. гектарға жуық алқаптан былтыр 941 мың тонна астық жиналды.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы аграрлық саланы дамытуға басымдық беру керектігін айтты.
Майлы дақылдарды өсірудің тағы бір ерекшелігі, бұл өнімге қашан да сұраныс жоғары. Заманауи технологияны пайдалана білсе, шығымы артады. Ең бастысы, зығыр мен рапстың нарықтағы бағасының жоғары болуына байланысты фьючерстік келісімшартты таңдайтындар көп.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.