ОҚО диқандары шетелге 150 мың тоннадан астам қауын-қарбыз экспорттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО диқандары шетелге 150 мың тоннадан астам қауын-қарбыз экспорттады

13.07.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары жаз шыққалы Ресей, Беларусь пен Латвияға 150 мың тоннадан астам қауын-қарбыз экспорттады. Бақша өнімі облыстағы Сарыағаш, Мақтарал және Шардара аудандарының егіс алқабынан жиналуда. Былтыр түстіктегі диқандар 7,6 миллиард теңгеге өнім сатқан болатын. Биыл табыс одан да мол болмақ. Өйткені, бақша өнімдері 1 гектарға артық аумаққа егілген.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу