Экспорттық әлеует артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экспорттық әлеует артып келеді

17.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысы 2018 жылы 5 мың тоннаға жуық өсімдік майы мен 4264 тонна майлы дақылдар сығындысын экспорттады. Биыл бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделген. Соның тең жартысы «Тайынша май» кәсіпорнының еншісінде. Бұл кәсіпорын жылына 300 мың тонна майлы дақыл өңдеуге қауқарлы. 

Кәсіпорында жылына 150 мың тонна майлы дақыл өңделеді. Болашақта зауыттың бар мүмкіндігін пайдаланып, 300 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Фан Лунфэй, зауыттың бас директоры:

Нарықты зерттеп, осы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында майлы дақылдар өсіруге қолайлы аймақ екені анықталды. Ең сапалы өнімді осы жерден сатып алып, өңдеп, Қытайға жөнелтіп жатырмыз. Қазіргі күні зауыт өз мүмкіндігін толық пайдаланып отырған жоқ. Жылына 300 мың тоннаға жеткізуге болады. 

Зауыт ашылғалы жұмыс орны табылды. Қазір 130-дан астам адам еңбек етуде. Оның 7 –еуі Қытай азаматы болса, қалғаны - жергілікті тұрғындар. 

Талғат Бек, бригада басшысы:

Осы жердегі тұрғылықты адамдар жұмыс істейді, бірінші. Екіншісі, ол салық бәрі бізге түсіп отыр. Халыққа болсын, елімізге де пайда келіп отыр. 

«Тайынша май» теріскейдегі ауыл шаруашылығының тамырына қан жүгіртті. Соның арқасында майлы дақылдар алқабы ұлғайып, шетелге бұрынғыдай шикізат күйінде емес, өңделіп, дайын өнім ретінде экспортталады. 

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу