Елімізде неше бас ақбөкен бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде неше бас ақбөкен бар?

17.01.2019

Табиғат жанашыры Ерлан Нұрғалиев мына суретте басқа емес, құралайды құшағына басып тұруында да үлкен мән жатыр. Өйткені, ол киіктің киесін терең ұғынған жан. Қиссаларға сенсек, киік пейіштің жемісі - інжір жапырағын жеген. Адам атаның ілтипатына бөленіп, батасын алған жануар. Сол себепті, ақбөкенді өлтіргендер қарғысқа ұшырайды деген тәмсіл бар. Оның мүйізі мен тұяғы құнды. Әдемі терісі үшін жоғары бағаланатын жануар. Мүйізі ежелден медициналық мақсатта, дәрілік шикізат ретінде белгілі.

Жалпы, бір қуантарлығы, соңғы 2-3 жылда Қазақстанда киіктердің саны көбейіп келеді. Олардың қатары жыл сайын шамамен 41 пайызға өсіп отыр. Ғалымдар мұз дәуірінен бері жапан далада мекен еткен жануардың бірі ретінде осы – киелі киіктерді атайды. 

Негізінен олар Ресей, Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның шөл даласында өрістейді. Ал, Қазақстанда дала еркелері – Бетпақдала, Үстірт, және Орал аймақтарын мекен етеді. Қазір олардың саны 215 100-ге жеткен. Ал, 1990 жылдары Сахараны 1 миллионнан астам дала антилопалары мекендеген.  2015 жылы  Қазақстанда ақбөкендер жаппай қырылған болатын. Осы кезде өсім динамикасы күрт құлдырады. Шамамен 200 мыңға жуығы белгісіз дерттен қырылды. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу