Қостанайда үйсіз жүрген жетімдерге берілген бөлмелер тұруға жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда үйсіз жүрген жетімдерге берілген бөлмелер тұруға жарамсыз

15.01.2019

Енді тағы бір өзекті мәселе - баспана жайына келсек. Осыдан біраз күн бұрын Қостанайда жетімдер үйінде тәрбиеленген 10 адамның қуықтай бір бөлмеде тұрып жатқанын айтқан болатынбыз. Олардың кейбіреуінің отбасы, бала-шағасы бар. Осы мәселе ақпарат құралдарында көтерілген соң қала әкімдігіне қарасты жатақханалардың бірінен 5 бөлме берілген. Алайда, бұл бөлмелердің есік-терезесі аңғал-саңғал, суық. Сыз тартып тұр екен. Жиһаздан да түк жоқ. «Оны өз бетімізше жөндеп, жиһаз сатып алуға ақшамыз жоқ», дейді жаңа тұрғындар. Ал, әкімдіктегілер болса, бұл бөлмелер жастарға пәтер кезегі келгенше уақытша тегін тұруға берілгенін, жөндеу жұмыстары жуық арада жүргізілмейтінін айтады. 

Алмас Әбілдин, Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Оған ақша әлі қарастырылмаған. Өйткені, дұрыстау үшін бюджеттік тапсырыс берілуі керек. Тапсырыс берілгеннен кейін ғана құрылыс жүргізуге болады. Әзірге ол жағы қарастырылмаған. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу