Семейдің Затон ауданында жерасты сулары көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдің Затон ауданында жерасты сулары көтерілді

15.01.2019

Семейдің Затон ауданында жерасты сулары көтеріліп, аулаларға жайылған. Қазір тұрғын үйдің айналасына іркілген су іргеге жетті. Тұрғындар деңгейі көтеріліп, баспанамыз су астында қала ма деп алаңдаулы. Өйткені, мұндай жағдай ауданда 8 жыл бұрын болып, бір үй құлаған. Мәселен, жері батпақты ауданда қысы-жазы ағатын бұлақтар бар. Бұл жолы суағарларға мұз қатып, жолы бітелген. Мамандар қазір жедел түрде арналарды ашып жатыр. Бәрі қалпына келгенше жұмысты қала әкімнің орынбасары өзі тікелей бақылауға алды.

Мөлдір Базарханқызы, тұрғын:

- Осыдан 8-9 жыл бұрын осындай оқиға болған. Ол кезде үйіміз құлап қалған болатын. Су үйдің ішіне түгел кіріп кеткен. Міне, жаңадан салған үйіміздің жағдайы осы болды.

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

- Су ағатын құбырлар ыстық сумен шайылатын болады. Сөйтіп, іркілген су кетеді. Бұл осылай су жиналатын ауданның бірі. Батпақты, қамысты жер. Көп тұрғындар үйлерді заңсыз салып алған. Оның да әсері болып тұр. 

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу