Мақтаарал ауданында жерасты сулары көтеріліп, Игілік пен Есентаев ауылдарының тұрғындары зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтаарал ауданында жерасты сулары көтеріліп, Игілік пен Есентаев ауылдарының тұрғындары зардап шекті

24.03.2022

Толассыз жаңбырдың кесірінен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жерасты сулары көтеріліп, Игілік пен Есентаев ауылдарының тұрғындары зардап шекті. Қазір мұнда үйлердің ауласы судан әлі тазартылып жатыр. Өңірге арнайы барған Мәжіліс депутаттары халықтың жағдайын көзбен көріп, тұрғындармен тілдесті. Нұрлыбаев ауылдық округінде бір үй құлап, иелері басқа жерге көшірілген. Бірнеше елдімекенде тағы қора-қопсы құлаған. Алайда жергілікті билік өтемақы тек құлаған баспаналарға беріледі деп отыр. Ал, қалған нысандарға жергілікті кәсіпкерлер мен жастар тарапынан асарлатып көмек көрсетпек. Бүгінде арнайы комиссия құрылып, шығын есептелуде. Ауыл тұрғындары осы жағдай қайталанбас үшін ескі дренаждарды жөндеп беруді сұрайды. 

Тамарахан Байжанова, Есентаев ауылының тұрғыны:
Мұндай жағдай осыдан сегіз жыл бұрын болды. Содан кейін енді көріп отырмыз.  Осындай болмас үшін бізде дренаждар бар. Ол дренаждарымыз іске қосылмай тұр. Егерде дренаждарымыз істеп тұрса, мынандай су болмайды. Тартып кетеді.
Қайнар Абасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Министрлікке өз тарапымыздан дренажды қалпына келтіру мәселесі бойынша ПУИТ-2, ПУИТ -3 бағдарламасының іске асыру барысын қадағалап, соған қаржы қарастырып, мұның алдын алу мәселесін алдымызға қойып отырмыз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу