Балқаш көлі төрт облысты тоғыстырып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көлі төрт облысты тоғыстырып тұр

27.08.2014
Балқаш көлі төрт облысты тоғыстырып тұр

Қазақстан – Азияда өзен-көлдерге бай елдердің бірі. Соның бірі – Балқаш көлі. Көл Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Ұзындығы – 614 шақырым, ені – 3,5-тен 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады.

Ел аузында көлдің атауы Балқаш деген байдың қызына байланысты деген де аңыз бар. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп, негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, Тентек және толып жатқан жерасты сулары көлге батыс жағынан құяды. Сырт көрінісі мөлдір, ақ түсті болды.

Ал көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел Жұмбақ көл деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды.  Ал жерасты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды.

Балқаш көлі төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр.

Балқаш көлінің басқа да ерекшеліктерін «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу