Өскеменде алаяқ кәсіпкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде алаяқ кәсіпкер ұсталды

11.01.2019

Өскемен қаласының тұрғыны экономикалық қылмыстары үшін бюджетке 3 миллиард теңгеге жуық қаржыны қайтарды. Тергеу барысында кәсіпкер салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактураларды жазып отырғаны анықталды. Ол қара басын ойлап, басқа адамдардың атына жауапкершілігі шектеулі 4 серіктестік ашқан. Алайда, жұмысқа қажет мөр, кассалық-аппарат және салықтық есепке арналған крипто кілттерді өзі пайдаланған. Осылайша, 2016 жылдан бастап әртүрлі тауарларды алып-сатумен айналысып, жалған шок-фактуралар жазып беріп отырған. Алаяқ кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады.

Виктория Ляпунова, №2 Өскемен қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Қылмысытық әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 3 миллиард теңге шамасында залал келтірілді. Сот алаяқ кәсіпкерді 5 жыл бас бостандығынан және 3 жыл кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыру жөнінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, бюджетке келтірілген залал өндірілді.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу