Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресі басталды
Халықаралық жиынға Әзірбайжан, Иран, Жапония, Канада, Түркия, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы сынды әлемнің 14 мемлекетінен 70-ке жуық ғалым, қаржыгер-экономист және энергетика саласы мамандары қатысуда.
Күн тәртібінде талқыланған мәселе - түркі дүниесіндегі экономикалық интеграцияны дамыту. Қатысушы мамандар Қазақстанның Дүнижүзілік сауда ұйымына кіруіне үлкен жағдай жасалғанын атап өтті.
2008 жылы басталған қаржы дағдарысынан алпауыт елдер оңай өткенмен, дамушы елдер етек-жеңін әлі толық жиған жоқ. Сол себепті, конгресте болашақ жоспарларды бірге жүзеге асыру жайы пысықталды.
Түркия эконимика вице-министрі Ибрахим Сенел мырза болшақта Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуды көздейтін үміттері бар екенін жеткізді.
Әділ Ахметов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Түркия Еуропа Одағына жақын тұрған ел. Одан кейін НАТО-ның мүшесі. Сондықтан осындай мәселелер бар. Ал, сауда-саттық жасау үшін Түркияның іскер азаматтары Қазақстанға келіп біріккен өнеркәсіптер ашатын болса ол Қазақстаннан шыққан бұйым болып қалады. Сол арқылы Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шыға алады. Мұны Президент жақсы айтты. Сондықтан, қарама-қайшылық жоқ. Ең үлкен мәселе -біздерден күдік сейілді. Одаққа кіргенде егемендіктен айрылып қалмаймыз ба деген күдік бар еді ғой. Ол күдік тұтастай сейілді.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08