Жұрттың әр қадамын әлеуметтік желіге жариялауы пәтер тонаушыларға тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұрттың әр қадамын әлеуметтік желіге жариялауы пәтер тонаушыларға тиімді

09.01.2019

Қарақшылар үй иелерінің қайда жүргенін, пәтерде қандай дүние-мүліктің барын жарияланған суреттер арқылы-ақ оп-оңай біліп алады. Сондықтан, шығысқазақстандық полицейлер ел-жұртты ғаламторға артық ақпарат салмауға кеңес берді. Мәселен, былтыр өңірде мүлік тонау бойынша 1,5 мыңға жуық іс тіркеліп, 78 қылмыстық топ қолға түскен. Сол себепті, құқық қорғаушылар түсіндіру жұмыстарын күшейтіп отыр. Арнайы бейнероликтер түсіріліп, адам көп жүретін жерлерде көрсетілген. Алайда, пәтер тонаушылар айылын жияр емес. 

Нұркен Көпжасаров, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:

- Көршілерге, жақсы танитын адамдарға үйді тапсырып кетуге болады. Немесе, қазір күзет фирмалары көп, соларға да тапсыруға болады. Өзінің өмірін, қайда кетіп бара жатқанын, паспортын, қанша күнге кетіп бара жатқанын соның барлығын «Инстаграмға» салады. Оның бәрін бөтен адамдар қарайды, оның ішінде ұрылар да көруі мүмкін.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу