Астанада бір бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады
Абырой болғанда кездейсоқ куәгерлер баланы дер кезінде құтқарып қалды. Әлеуметтік желіге тараған видеодан үшінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен үш-төрт жасар баланы үш жігіт алып шықты. Балаға жету үшін жігіттер «ГАЗель» көлігін үй қабырғасына жақындатқан. Оған да бойлары жетпегендіктен, бір-бірінің иығына шығып, үшінші қабаттан баланы түсіріп алған. Кейін белгілі болғандай, бала үйде қараусыз жалғыз қалып, терезенің алдына шығып алған. Құтқарушылардың бірінің сөзінше, кішкентай қыз бала масаға қарсы торды итеріп тастап, аяғын төмен салбыратып жылап отырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16