БҚО-да 80 көлік қар құрсауынан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 80 көлік қар құрсауынан шығарылды

08.01.2019

Жолда қалған 40-қа жуық адам құтқарылды. Оның 7-уі - бала. Құтқарушылар жолаушыларды жылыту бекеттеріне жеткізіп, көмек көрсетті. Өңірде демалыс күндері ақ түтек боран болып, тасжолдар жабылған еді. Соған қарамастан, тұрғындар жолға шығып кеткен. Күрделі жағдай Тасқала, Ақжайық, Қазталов аудандарында болды. Жол-көлік оқиғалары да тіркелді. Күре жолдардың уақытылы тазаланбауы да жағдайды ушықтырып отыр.

Марс Отаров, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- Күрделі жағдай жол тазалу көліктерінің жетіспеушілігінен болып отыр. Республикалық маңыздағы жолды тазалайтын «Қазвтожол» мекемесінде нормаға сәйкес техника жетіспейді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу