Ақтауда мемлекеттік басқарма мен шетелдік компания арасында дау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мемлекеттік басқарма мен шетелдік компания арасында дау шықты

26.12.2018

Ақтауда мемлекеттік басқарма мен шетелдік компания арасында дау шықты. Тараптар келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін соттасып жатыр. Ақтау электр желілері басқармасы облыс орталығына 7 мыңнан астам жарық шам орнату үшін шетелдік компаниямен келісімге келген. Жарық шамдар Каспий маңы елдерінің 5-саммиті алдында 25-шілдеге дейін орнатылуы тиіс болған. Алайда, қытайлық мекеме небәрі 2 мың шамды тамыздың ортасында бір-ақ жеткізген. Тапсырыс уақытында орындалмаған соң жергілікті әкімдік сотқа жүгінді. Бірақ, жеңіліп қалды.

Жангелді Әубәкіров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- Қытай компаниясы қаржы жағынан шығынға ұшырағанын алға тартып бірнеше дәлел келтірді. Біз де әрекетіміздің заңды болғанын дәлелдедік. Қала әкімдігі соттың бұл шешіміне шағым келтіруге шешім қабылдады. Желтоқсанның 21-інде қайта шағым түсірдік.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу