Анкара мен Бағдат арасында дипломатиялық дау туындады
Анкара мен Бағдат арасында дипломатиялық дау туындады.
Бұған Ирактың Күрдістан өңірінде артиллериялық соққыдан 9 бейбіт тұрғынның қаза табуы себеп. Шабуыл демалыс орталығына жасалған. Ирак билігі бұған Түркия әскерін айыптап отыр. Ал ресми Анкара шабуылды «террористік әрекет» деп атап, оны Күрдістан жұмысшы партиясына қарасты күштер ұйымдастырды деп мәлімдеді. Соққыдан 23 адам жараланған. Құрбан болғандар - жергілікті туристер.
Арасында балалар да бар. Ирактың Кербела, Бағдат тәрізді бірнеше қаласында Түркияға қарсы шеру өтті. Наразы топ бұл елдің туын өртеген.
Айта кету керек,Түркия Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы операцияны жүйелі түрде өткізеді. Әдетте жаттығу лагерлерін нысанаға алатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10