Астрахань облысында қазақстандық инвестиция арқылы іске қосылған 20 өндіріс орны бар
Яғни, кәсіпкерлер үштіктің аумағында тікелей инвестиция салу арқылы жаңа кәсіпорындар аша бастады.
Атырау облысымен шектесіп жатқан Астрахань облысының өзінде ғана қазақстандық инвестиция арқылы іске қосылған осындай 20 өндіріс орны бар. Солардың бірі - алькоголсыз сусындарға шыны шөлмектер шығаратын «Астраханьстекло» зауыты.
Қазақстандық инвестор бұл зауыттың жандануына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады.
Өйткені, сол кезде құрылған Кедендік одақтың бизнесін өркендетуіне септігін тигізеріне сенімді болды. Үміті ақталып қазір, шетелдегі өндірісі өркен жайып келеді.
Елена Пищухина, зауыттың коммерциялық директоры:
Біздің өніміміздің негізгі бөлігі экспортқа шығарылады. Әсірессе, Қазақстаннан сұраныс көп. Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрақты тұтынушыларымыз бар.
Қазір үздіксіз өндірісте 500-ге жуық адам 4 ауысыммен жұмыс істейді. Олар жылына 150 миллион данадан аса шыны шөлмек шығарып, соның жартысына жуығын Қазақстанға жөнелтеді.
Зауыт басшылығы болса, Еуразиялық экономикалық одақтың қолдауына зор сенім артып отыр.
Омар Ахмаров, зауыттың бас директоры:
Еуразиялық экономикалық одақ біздің кәсіпорынның дамуына ерекше дем берері сөзсіз. Жалғыз бізге емес, басқа кәсіпкерлердің бизнесінің өркендеуіне де жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл ретте, осы одақтың құрылуына бастама болған Елбасымызға алғысымызды айтқымыз келеді.
Қазір кәсіпкер өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеріп, зауыттың өндірістік қуатын арттыруды қолға алып жатыр.
Мұндай жоспарлы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, Еуразиялық экономикалық одақтың шарапатымен кәсіпорнының әлеуетін жаңа сатыға көтермекші.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08