Премьер-Министр өңірлерге «Ақылды қалалар» электронды стандартын сапалы енгізуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр өңірлерге «Ақылды қалалар» электронды стандартын сапалы енгізуді тапсырды

13.05.2020

Жыл басында іске қосылған «Smart Bridge» жобасы нақты нәтиже бере бастады. Қазір мемлекеттік және жеке секторлардың ақпараттық жүйелері интеграциялануда. Осы жобаның көмегімен мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылады. Үкімет басшысы Асқар Мамин Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, жауапты тұлғалардың есебін тыңдады. «Ақылды қалалар» электронды стандартын сапалы енгізуді тапсырды. Премьер-Министр тұрғындар мен бизнес үшін барлық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматқа көшіру мәселесін пысықтап, бұл бағыттағы жұмыстарды биыл үшінші тоқсанда аяқтауды міндеттеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ




Хабарламаларға жазылу