Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кентінде жаңа элеватор ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кентінде жаңа элеватор ашылды

19.12.2018

Қуаттылығы 37 мың тонна. Болашақта бұл жерде қарақұмық және арпа дақылдарын өндейтін зауыт салынбақ. Кәсіпорынды салуға 1,5 млрд. теңге жұмсалған. Қаржы меншік құрылымдарына тиесілі. Элеватор соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Бұл жерде бидайды кептіріп, сақтауға болады. Әрі өнімнің сапасын анықтайтын арнайы зертхана бар.  

Нұрболат Мақашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Осы жобаның шеңберінде 45 жұмыс орны құрылды. Негізінен қондырғылар Түркиядан, Еуропадан әкелінген. Толықтай автоматтандырылған. 5 жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру жөнінде Елбасының тапсырмасы бар. Жалпы, осы жобалардың барлығы Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу