Бурабай кентінде жаңа мешіт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай кентінде жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Үш қабатты сәулеті келіскен нысан 150 орынға лайықталған. Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған екі ғибадат бөлмесі, кітапхана және асхана бар. Ғимаратты салуға кеткен қаржыны «Кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қоры» бөлген. 

Бурабайдағы әлеуметтік, қоғамдық нысандардың туристік аймақтың келбетіне сай келуі үнемі басты назарда. Мешіт елді мекеннің орталығында орналасқан. Сондықтан, Бурабайға ерекше көрік беріп тұр.  

Бөгенбай Байзақов, Бурабай кентінің тұрғыны:

- Бұрынғы мешітте тарлығы сонша, оған көп болса, 20-30 кісі ғана сиятын. Одан әрі қарай бір-бірімізді итеріп, қысып, солай болатын. Енді қазір бұл мешітке бәріміз де сиямыз. Келген қонақтардан ұялушы едік, енді қазір біз алыс-жақыннан келген барлық қонақтарға төбемізді көкке көтеріп, көзімізді жерге қарамай, тура қарауға жағдаймыз болып отыр.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу