Инвестициямен өркен жайған өндіріс
Бүгінде толық қуатымен жұмыс істеп тұрған өндіріс орны елімізде өндірілетін цементтің 15 пайызын шығарады. Зауыт өнімі өңірде тұрғын үй және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысына молынан пайдаланылып жатыр.
Зауыт өнімі бүгінде «Жамбыл цемент» деген атпен танымал. Әркез сапасымен мақтанады. Есесіне бағасы аразан. Оған бірнеше себеп бар. Цементке қажет шикізатты алыстан тасымайды. Жергілікті жерде мол қоры бар. Бұған қоса өнім зауытта құрғақ тәсілмен өндіріледі. Бұл өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетіп отыр.
Анатолий Медюков, цемент зауытының директоры:
Зауыт бүгінгі таңда толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Қазір жылына 1 миллион тонна өнім шығарып жатырмыз. Бұған әрине ең алдымен мұндағы инвестициялық ахуалдың қолайлы болуының арқасында қол жеткіздік.
Зауыт түгелдей озық техникалық қондырғылармен жабдықталған. Өнім сапасы әр өндірістік саты сайын тексеріліп отырады. Соның нәтижесінде кәсіпорынның қоршаған ортаны ластауы қалыпты мөлшердегіден де төмен. Залалы аз.
Николай Гепнер, инженер-оператор:
Жұмыс тұтастай озық технологияға негізделген. Өте ыңғайлы. Барлығы автоматика. Қондырғылар қысымдағы кішігірім өзгерістің өзін айқын дәлдікпен көрсетіп тұрады.
Бүгінде кәсіпорында 300-ден астам адам еңбек етеді. Дені жергілікті азаматтар. Зауыт өндірісті өркендетумен қатар жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен сол маңдағы тұрғындардың ахуалына да айырықша көңіл бөліп отыр.
Мыңарал кентіндегі әлеуметтік жобаларды ұдайы қолдап отырады. Ендігі жерде қызметкерлеріне арналған тұрғын үй қалашағын одан әрі кеңейтпекші.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына қысқаша шолу
22.06.2026, 17:25
Алматыда Нобель сыйлығының иегерімен кездесу болды
22.06.2026, 17:22
Барлық өңірде «Әdilet» партиясының филиалы құрылады
22.06.2026, 17:20
Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
22.06.2026, 17:17
Автожолдар бойына 250 сервис кешені салынады
22.06.2026, 17:15
Орман мен жануарларды қорғауға арналған заңға қол қойылды
22.06.2026, 17:12
Қазақстан Ауғанстанға 319 тонна гуманитарлық көмек жіберді
22.06.2026, 17:10
Еуропадағы бірнеше ел аптап ыстықтан зардап шегуде
22.06.2026, 17:07