Ішкі істер министрлігінің штаты 10 пайызға қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігінің штаты 10 пайызға қысқарады

07.12.2018

Ішкі істер министрлігінің штаты 10 пайызға қысқарады, 450 басшы жұмыстан кетеді. Бұл туралы сала басшысы Қалмұханбет Қасымов Парламенттік тыңдауда айтты. Қазір елімізде 100 мың адамға 471 полиция қызметкерінен келеді, қысқартылғанда 100 мың адамға 424 полицейге жетіп, Еуропа нормаларына жақындаймыз.

Сондай-ақ, күзет құрылымдары мен әкімшілік шығындар қысқартылады. Нәтижесінде, 16 млрд. теңге үнемделеді. Бұл ақша қалған полицейлердің жалақысын өсіруге жұмсалады. Қасымов құқықбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отырғанын да айтты.

Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық деңгейі 8,1 пайызға төмендеген.

Сенат төрағасы қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен байланыс сапасы әлі де талаптарға жауап бере алмай отырғанын айтты. Халықтың құқық қорғау органдарына сенімі азайды. Сондықтан да, арыз тіркелгеннен бастап сот шешімі шығарылғанға дейін істерді қараудың барлық сатыларын жаппай цифрландыру қажет.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу