Семейде идеологиялық тұрғыдан ескірген көше аттары өзгереді

07.12.2018

Семейде идеологиялық тұрғыдан ескірген бірнеше көшеге ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің есімі берілмек.  Мәселен, Крупская - Әзілхан Нұршайықов, Строительная - Тұрсынғазы Рахимов көшесі болып өзгереді. Жалпы, қалада атауын ауыстыруды талап ететін 342 көше бар. Жуырда,   Жібек жолы, Берел сынды тарихи атаулар да пайда болады. Ономастикалық комиссия бекіткен өзгерістерді қазір Әділет органдарында тіркеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, қаладағы 10-ға жуық мектеп ұлы тұлғалардың есімімен аталмақ.

Назерке Аққожина,  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

- Қазіргі  қаладағы шағын аудандарға қандай атау берілуі мүмкін? Тіпті, көпірдің өзіне атау беруге рұқсат. 2018 жылға біз Семейдегі 15-тен артық көшенің атын өзгертуді жоспарлағанбыз. Сол жоспарымызды 100 пайыз орындадық.

Хабарламаларға жазылу