«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» акциясы басталды

24.11.2017

«Қазпошта»  компаниясы әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде жиын өткізді. Шара барысында Біріккен Ұлттар Ұйымымен біріккен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» акциясы басталды. Қоғамдағы түрлі жәбір көрген әйелдерді қолдау мақсатында «Қазпошта» қызметкерлері 16 күн бойы бастарына қызғылт-сары түсті орамал тағып жүреді. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі нәзік жандылардың 17%-ы зорлық құрбаны болса, 21%-ы түрлі психологиялық қысым көреді екен.

Алтын Садықова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Биыл «Қазпошта» әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту кеңесіне қосылды. Біздің компанияда 23 мың адам жұмыс істейді. Олардың 76 пайызы - әйелдер. Сондықтан, біз гендерлік саясатты және дискриминацияға жол бермеуді қолдаймыз.

Хабарламаларға жазылу