ЕАЭО – кәсіпкерліктің дамуына жол ашады
Ресейлік кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикасы жаңа сатыға көтерілетініне сенімді. Кедендік одақтың жемісін көрген олар Еуразиялық ықпалдастық кәсіптің түр-түрінің дамуына ерекше серпін беретініне күмән келтірмейді.
Мәселен, ресейлік кәсіпкер Эльдар Нұртазаевтың сүт өнімдерін дайындайтын цехы бар. Қазір, оның өнімдері Қазақстанда сұранысқа ие. Енді, ол болашақта Еуразиялық бірлестікке Қырғыз Республикасының да мүше болуын күтуде.
Олай болған жағдайда, кәсіпкер Қазақстаннан әріптес тауып, елімізде сүт өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорын ашқысы келеді.
Эльдар Нұртазаев, ресейлік кәсіпкер:
Кедендік одақ кәсібіміздің дамуына жағдай жасады. Ал, Еуразиялық бірлестік болса, одан да зор мүмкіншілік туғызып отыр. Яғни, экономикалық аймақ өрісін кеңейту арқылы, тауар айналымымызды арттыруға септігін тигізбекші.
Біз секілді шағын бизнес өкілдеріне 170 миллиондық нарықта жалғыз жүріп жол табу оңай болмайды. Сондықтан, алдағы уақытта Қазақстаннан әріптес тауып, онымен бірлесіп, бәсекелестікке қабілетті, қуатты кәсіпорын ашқым келеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04