Президент күніне және Өзбекстан жылына арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент күніне және Өзбекстан жылына арналған концерт өтті

30.11.2018

«Қазақстанға ыстық ықыласпен!». Осындай атаумен Астанада өзбекстандық және отандық өнерпаздардың қатысуымен концерт өтті. Мәдени шара Өзбекстанның біздің елдегі жылы аясында ұйымдастырылды. Оған көрші елдің драма театрының ұжымы арнайы келген. Биыл мұндай мәдени шаралар рспубликаның түкпір-түкпірінде өткен. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткен концерт мәдени шаралардың ресми қорытындысы. Келесі жылы - Қазақстанның Өзбекстандағы жылы өтеді. Айтулы оқиғаға байланысты бірқатар ірі шаралар жоспарланған. Оған өзбек этномәдени бірлестігі де белсенді қатыспақ. 

Хасан Шарипов, Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі:

- Біз Өзбекстанға барып, өзіміздің салт-дәстүірімізді, жасап жатқан еңбектерімізді көрсетеміз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу