Жезқазғандық жастар арасында алғаш рет үздік бизнес-жоба иелері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғандық жастар арасында алғаш рет үздік бизнес-жоба иелері анықталды

28.11.2018

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жезқазғандық жастар арасында алғаш рет ең үздік бизнес-жоба иелері анықталды. Олар қала әкімдігінің ұйымдастыруымен түрлі аталымдар бойынша қаржылай марапаттарға ие болды. Кәсіп бастап нәсібін көремін деген ізденімпаз жастардың жобалары әлеуметтік-мәдени, спорттық, эксклюзивтік және ең үздік бизнес-бастама бағыттарында сарапқа салынған. Сайыс талабы бойынша қатысушылар 29 жастан аспауы керек.  Әр номинацияға көптеп жобалар ұсынылып, соның ішінен шоқтығы биік төрт жобаны ары қарай өрбітуге қаржылай сыйлықтар табысталды. 

Нұрлан Шайгөзов, кәсіпкер:

- Өңірімізде ат спортын дамыту үшін «Атпен серуендеу алаңы» атты бизнес-жобамды ұсынған болатынмын. Мұндағы біздің мақсатымыз иппотерапияны дамыту, жастарымызды қазақы салт-санаға баулу. Осы жоба 300 мың теңге ұтып отырмын. Қаржыны бизнестің дамуына жаратамыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу