Павлодарда арзан көмірді жоғары сапалы қатты отын ретінде сатқан кәсіпорын анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда арзан көмірді жоғары сапалы қатты отын ретінде сатқан кәсіпорын анықталды

27.11.2018

Бұл жөнінде арнайы құрылған жұмыс тобына тұрғындар хабарлаған. Мемлекеттік кірістер департаменті, полиция және басқа да өкілетті орган қызметкерлерінен құрылған комиссия дереу тексеру жүргізіп, көмірді заңсыз сатқан бірнеше көлік иесіне айыппұл салды. Южная 38 мекен жайындағы өндірістік жоғары сұранысқа ие Майкөбе көмірін сататынын жарнамалап, жеме-жемге келгенде күлділігі жоғары, жылуы нашар Сарыкөл өнімін саудалаған. Қазір кәсіпорын жабылды.  

Аян Бейсекин, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Баға айырмашылығы - 2 мың теңге. Сапасыз көмірдің әр тоннасына осыншама үстеме қосып, заңсыз жолмен пайда тапқан. Сондықтан, әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды. Жылыту маусымы аяқталғанша жұмыс тобы жергілікті полициямен бірігіп, көмір бағасын бақылауда ұстайды. 

 

Болат АМАНБАЕВ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу