Өскеменде әлеуметтік көмір таусылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде әлеуметтік көмір таусылды

22.11.2018

Ал, арзан  бағамен  отын алуы тиіс әлі 1 мыңға жуық адам өз кезегін күтіп отыр. Зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар көмірді қолындағы ақшасына да таппай жүр. Себебі, қатты отын бүкіл қалада қат болып тұр. Облыс орталығына көмір вагондармен өте аз мөлшерде жеткізіледі.

Жалпы, жергілікті билік биылғы қыста әлеуметтің әлжуаз тобы үшін  35 мың тонна көмір сатып алатын болып, «Қаражыра» кенішімен келіскен. Әлеуметтік көмір арзан бағамен тізімдегі жұртқа берілді. Кезекке жазылса да, қатты отынға қол жеткізе алмаған тұрғындар қазір көмір сататын қоймалардың қақпасын аңдумен жүр. 

Иван Тимофеев, ЖШС директоры:

Мен күнде тәңертең кемінде 20 адаммен сөйлесемін. Оларға әлеуметтік көмір біткенін айтамын. Дегенмен, зейнеткерлерге, шынайы мұқтаж адамдарға коммерциялық көмірді кезексіз сатып, арзан бағамен жеткізетін көлік тауып беруге тырысамыз.  Себебі, көмір тапшы болғандықтан, оны тасушылар да өз қызметінің бағасын көтеріп жіберген.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу