Қазақстандықтар биыл полицияға 125 миллион теңгеге қару-жарақ өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар биыл полицияға 125 миллион теңгеге қару-жарақ өткізді

23.11.2018

Арнайы акция аясында сәуір мен қараша аралығында құзырлы мекеме ел тұрғындарынан заңсыз сақтаулы тұрған атыс құралдарын қабылдады. Ерікті түрде полицияға қару тапсырғандардың арасында Түркістан, Қызылорда, Ақмола және Жамбыл облысының тұрғындары белсенділік танытқан. Нәтижесінде 2400 қару-жарақ жиылған. Атыс құралының бір данасына 24 мың мен 240 мың теңге аралығында өтемақы беріледі. Жалпы, 2008 жылдан бері басталған бұл бастама аясында құны 1,5 миллиард теңгенің қару-жарағы тапсырылып, жойылған. Ал, көне атыс құралдары музейге қойылған.

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Петропавл, Өскемен, Семей, Атырау қаласында тарихи маңызы бар қарулар тапсырылған болатын. Ол 1836 жылы шыққан қарулар, ІІ дүниежүзілік соғысынан қалған қарулар.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу