«ЭКСПО-2017»: Тонга корольдігінің ұлттық күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Тонга корольдігінің ұлттық күндері өтті

07.08.2017

«ЭКСПО» көрмесі – күллі әлемнің болашағы үшін жасалып жатқан ерекше жоба. Тонга корольдігінің өкілдері ұлттық күндері қарсаңында көрмеге осындай баға берді.

Өз кезегінде, корольдік Қазақстанмен ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір екендіктерін жеткізді. Әрі көрмеге қатысу мүмкіндігіне ие болғандары үшін алғыс білдіріп, көпшілікке мәдени тарту жасады. Атап өтелік, 170 аралдан тұратын Тонга корольдігі Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан. Ауыл шаруашылығы мен туризм -  бұл елдегі негізгі дамушы сала. Ал, энергия көзін мұнай, биомасса және Күннен алады. 2020 жылға дейін тропиктік ел жаңартпалы энергия көзіне көшуді 50 пайызға жеткізбек. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу