Павлодар облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді

21.11.2018

60 тонна жүк артқан Қытай көліктері облыс жолдарында жүрмейді. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Бүгін Елордаға есеп бере келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов осылай деді. Аймақ басшысы өңірде 2019 жылдан бастап, коммуналдық тарифтердің арзандайтынын айтты. Әрі бірқатар өндіріс ошақтарындағы жұмысшылардың жалақысы 10 пайыздан бастап 30 пайызға дейін өсетінін мәлімдеді. «Жалпы, өңірдегі әлеуметтік ахуал тұрақты»,- дейді әкім. Тіпті,өзге аймақтан көшіп келгісі келетіндердің де қарасы көп. Мәселен, оңтүстіктен биыл 377 отбасы көшіп келген. Облысқа келетіндерге тегін жер телімі берілген. Ауылдық жерлерге көшіп келгендерге әкімдік 7 тонна көмір бөлген. Болат Бақауов Павлодар облысына келуге ниетті адамдарды ынталандыру шараларын жалғастыратынын айтты.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

-Үлкен Қытай машиналары 60 тонна артып жүрсе, шыдамайды. Біз осыған аса мән береміз. Осы мәселені ешқашанда босатпаймыз. Үлкен машиналар үлкен жүкпен облыста жүрмейді. Қатаң бақылауда болады. Менің бақылауымда болады. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу