Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жұмысымен танысты

14.04.2016
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жұмысымен танысты

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясының жұмысымен танысып, биыл 25-жылдық мерейтойын өткізгелі отырған телеарнаға сәттілік тіледі.

Архимед Бегежанұлы облыс баспасөз мұражайымен, телеарнаның техникалық жабдықталуымен, арнаның ұжымымен танысқан соң, ғимаратта орналасқан «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының баспасөз клубында өңір журналистеріне арнап брифинг-мәслихатын өткізді.      

Жүздесуде өңірдің экономикалық және әлеуметтік ахуалы, тыныс-тіршілігі, алда тұрған міндеттер мен мақсаттар жөнінде баяндама жасалып, тілшілердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Хабарламаларға жазылу