Түркі әлемі орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемі орталығы салынады

19.11.2018

Түркістан шаһарында Түркі әлемінің орталығы салынады. Мұнда күллі түркі дүниесінің ойшылдары мен ағартушыларының, ғалымдарының еңбектері қойылып, ғылыми жетістіктері көрсетіледі.

Бұл туралы «Киелі Түркістан және түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» тақырыбында өткен ғылыми конференцияда мәлім болды. Халықаралық жиынға Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан  және АҚШ-тан келген түрколог ғалымдар мен дипломатиялық өкілдіктерден қонақтар қатысты.

Олар «Түркі әлемінің қасиетті жерлері», «Түркі дүниесінің атақты тұлғалары» және «Түркі тілдері мен жазуы» тақырыптарында білген-түйгендерін ортаға салды. Басқосуға қатысқан өңір басшысы Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани және мәдени орталығына айналдыру бағытында атқарылатын жұмыстар жайында айтып берді.

Халықаралық Түркі Академиясы мен облыс әкімдігі арасында ғылыми және іскерлік байланысты нығайтуға арналған Меморандум бекітілді.  

Дархан Қыдырәлі,  Халықаралық түркі академиясының президенті:

Бұл бір жағынан Елбасының Түркістан идеясына көрсеткен нақты қолдауымыз. Бүгінгі жиын барысында  Түркістан облысымен меморандумға қол қойдық. Сол қарылы академияның Түркістан қаласында арнайы өкілдігі ашылатын болады.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу